31.07.2018, 12:10
Оқылды: 89

Оралда мектеп басшыларына арналған жазғы лагерь ашылды

Daryn (1)Бүгін Орал шаһарындағы «Дарын» қосымша білім беру орталығында  мектеп басшыларына арналған «Өсу векторы» жазғы лагерінің салтанатты ашылуы өтті.


Аталмыш лагерь мектеп директорларының кәсіби шеберлігін арттырып, менеджменттегі жаңа технологиялармен таныстыру, білім саласындағы өзгерістерді енгізудің тиімді жолдарын табу және «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын тәрбие үрдісінде жүзеге асыру мақсатында өңірімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.

Лагерь жұмысына облыстың жалпы білім беретін мектептерінің  директорлары мен аудандық, қалалық әдістемелік кабинет меңгерушілері қатысуда.

Daryn (3)Облыстық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың айтуынша, мектеп басшылары «EDTECH-KZ» халықаралық білім беру орталығының бас директоры, халықаралық деңгейдегі психолог Ғ.Бейсенбаевтың, «USTAZ» кәсіби білім беру орталығының бас директоры Ә.Игенбаевтың, «USTAZ» кәсіби білім беру орталығының академиялық директоры Н.Иманғалиевтің білім саласындағы жаңашыл идеяларымен ой бөлісіп, практикалық тұрғыда жұмыстанады.

Сондай-ақ білім берудегі цифрлық сауаттылық, әлеуметтік желідегі ұстаз мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын қалыптастыру мәселелері талқыланатын болады.

Мектеп басшыларына арналған жазғы лагерьдің жұмысы 2 тамызға дейін жалғаспақ.

         Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

slet direktorov (4) Daryn (2) Darynslet direktorov (2)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале