13.06.2019, 17:50
Оқылды: 268

Оралда мектеп бітірушілердің салтанатты кеші өтті (ФОТО)

Орал қаласында «Болашақ жастардікі» деген атаумен мектеп бітірушілердің салтанатты кеші өтіп, шараға облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов қатысты.

 DSC_0106

Балалықтың ауылын артқа тастап, үлкен өмірге қадам басқан жастар үшін бұл кеш әрі қуанышты, әрі көңіл толқытар әдемі әсер сыйлағаны анық. Осынау ерекше сәтте түлектер мен ата-аналарға, ұстаздар қауымына ізгі лебізін білдірген Ғабидолла Абдоллаұлы:

«Жарқын болашаққа жолдама алып, алысқа қанат қаққан жас түлектер, қайда жүрсеңіздер де өздеріңіз түлеп ұшқан алтын ұя мектептеріңіз бен аяулы ұстаздарыңызды ұмытпай, ата-ана үмітін ақтап, сенім үдесінен шыға біліңіздер. Сіздердің алаңсыз білім алып, биікке өрлеуіңіз үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық мол. Әлемнің кез келген елін таңдап, білім-білігіңізді дәлелдеу арқылы «Болашақ» бағдарламасы негізінде ең мықты деген жоғары оқу орындарында оқуға мүмкіндіктеріңіз бар. Қандай мамандықты таңдап, қай саланы бетке алсаңыз да, еліміздің болашағы мен қарышты дамуы жолында аянбай еңбек етесіздер деп сенемін», – деп атап өтті.

DSC_0173

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың мәлімдеуінше, биыл облыс бойынша 5 031 түлек мектепті тәмамдаса, оның 340-ы «Алтын белгі», 161-і ерекше аттестат иегері атанды.

Қаламыздағы 46 мектептен 1 796 түлек және облыстық мектептерден жалпы саны 267 түлек қатысқан салтанатты кеш соңында түлектерге арнап әсем ән мен көңілді би тарту етіліп, әдемі сәт отшашумен қорытындыланды.

Аяужан Кереева,

zhaikpress.kz

DSC_0094 DSC_0099

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

????????????????????????????????????

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале