24.01.2019, 11:44
Оқылды: 70

Оралда мектеп көшбасшыларының форумы өтті

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде облыстық мектеп көшбасшыларының форумы өтті. Өзін-өзі басқару ұйымының президенттері жиналған форумда дарынды балаларға арналған бес мектептің көшбасшылары жүзеге асып жатқан әлеуметтік жобалар, олардың маңыздылығы туралы әңгімеледі.

зияткерлік

– Бәсекеге қабілетті, жаңашылдыққа құштар ұрпақ потенциалын дамыту алаңын құру, оларды шабыттандыру мақсатын көздедік, – дейді Оралдағы Зияткерлік мектептің директоры Тимур Нұркешов. Үздіктер ел ауқатын жақсартуға, тарихты түгендеуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар туралы дәріс тыңдап, осы тақырып төңірегінде пікір алмасты.

Сонымен қатар оралдық жас кәсіпкерлер мақсатқа жетуде табанды болудың ережелерін айтып, бағыт сілтеді. – Өмір сіздерге табысты, дені сау, әлемді жақсартуға дайын, сертіне адал азамат болуға мүмкіндік береді. Ал оны рухы мықты жан ғана ақиқатқа айналдырады, – деді зияткерлерге мотивация берген кәсіпкер, белсенді азамат Асхат Рамазанов.

Замандастарынан үлгі алып, үлкен істерге шабыттанған жастар көктем айында қаладағы С. Сейфуллин атындағы мектеп-лицейде бас қоспақ.

Оралдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале