1.11.2017, 10:45
Оқылды: 18

Оралда мектеп оқушыларына арналған медиафорум өтуде

ebd5a6ee-13b3-45f1-bc2f-d0b20c21f6e7Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайында мектеп оқушыларына арналған медиафорум өтуде.


Облыстық білім басқармасы, "Өркен" қосымша білім беру орталығы және "Жас Ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы ұйымдастырған шараға 9-11 сыныпта оқитын мектеп оқушылары қатысуда.

76c1b41f-d4de-49b2-84ff-d5beb23e2828-Шараның мақсаты балалар мен жасөспірімдердің белсенділерін ақпараттық ортаға тарту, ақпараттық құралдарға қызығушылығын арттыру болып табылады,- дейді ұйымдастырушы Жосабек Есенғалиев.
Шараға қолдау білдірген "Жайық Пресс" медиаxолдингінің директоры Жантас Сафуллин, "Aqjai'yq" телеарнасының журналисі Алмагүл Жанпейісова ақпарат саласының қыр-сырымен бөлісіп, оқушылармен емен-жарқын әңгімелесуде.

Айым Төлеуғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале