11.06.2019, 13:07
Оқылды: 30

Оралда мектеп түлектерінің кешіне орай көшелер уақытша жабылады

Құрметті Орал қаласының тұрғындары және қонақтары!

karta

Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2019 жылдың 12 маусым күні сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін, «Түлек-2019» мектеп бітірушілер кешінің өтуіне байланысты, Сарайшық пен Карев көшесінің қиылысына дейін Н.Назарбаев даңғылының жолы жабылатындығын хабарлайды.

 Қоғамдық көлік қозғалысы Есқалиев, Дәулеткерей, Карев көшелері арқылы және ары қарай бекітілген сұлба бойынша жүреді. Жол кептелісі болмауы үшін, жол жүру бағытыңызды алдын ала жоспарлауыңыз сұралады.

Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале