4.10.2018, 17:25
Оқылды: 62

Оралда мектептегі газдың иісінен бірнеше оқушы жедел жәрдемге жүгінді

Оралдағы №40 мектепте газдың иісінен бірнеше оқушы жедел жәрдемге жүгінді.

03

Аталмыш мектеп директоры Мақсот Ғалиевтің айтуынша, оқиға сағат 11.05-11.25 аралығындағы үлкен үзіліс кезінде орын алды.

Ғимараттың үшінші қабатынан газдың иісі сезіліп, оқиға орнына ішкі істер, ТЖ қызметкерлері, жедел жәрдем шақырылды. Мектептен бірінші ауысымда оқитын балалар мен мұғалімдер, шамамен 300-дей адам шығарылды.

«Жедел жәрдем алып кеткен үш оқушының қасында мұғалімі бар. Олардан талдау сынамалары алынып, тиісті қызмет көрсетілуде», - деді М.Ғалиев.

Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы Жансұлу Төремұратова қазіргі кезде жағдайдың қалыпқа түскенін, екінші ауысымдағы оқушылардың білім алып жатқанын жеткізді.

Оқыс оқиғаның неден болғанын полиция анықтайтын болады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынова жедел жәрдемге жүгінгендерге қатысты нақты ақпараттың кейін берілетінін айтты.

Елжан ЕРАЛЫ,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале