4.03.2020, 15:44
Оқылды: 601

Оралда мектептегі оқыс оқиға салдарынан ғимараттан 660 адам шығарылды

    Оралда мектептегі оқыс оқиға салдарынан ғимараттан 660 адам шығарылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Oral

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің айтуынша, оқиға бүгін сағат 12.18-де А.Макаренко атындағы №6 орта мектепте болды. Химия кабинетінің зертханасында сабақ кезінде химиялық реагенттерді пайдалануда қауіпсіздік талаптары бұзылған. Соның салдарынан бу шыққан, дегенмен ол жануға ұласпаған. Мектеп қызметкерлерімен бірге ғимараттан 660 адам эвакуацияланса, соның 600-і – оқушылар. Зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына департаменттен 56 қызметкер, 16 техника барды. «Химиялық реагенттермен жұмыс қауіпті. Өйткені химиялық реагенттер адамдарға қатты әсер етуі мүмкін. Сондықтан жұмыстың бұл түрін суырмалы шкафта жүргізу басты талап болып саналады. Осы қауіпсіздік шарасы сақталмаған», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Е.Төрегелдиев.

ҚазАқпарат

zhaikpress.kz

 Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале