4.06.2019, 17:33
Оқылды: 70

Оралда «Meniń Qazaqstanym!» акциясы өтті

Бүгін тұңғыш Президент алаңында  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер  күніне орай «Meniń Qazastanym!» акциясы өтті.  

 фото Халелова Рафхата (4)

Акция барысында  бодиарт (жастардың бетіне мемлекеттік рәміздерді бейнелеу), ұлттық нақышта безендірілген автокөліктер көрмесі фотосесиясы, мемлекеттік ту шеруі және  әскери оркестрдің қатысуымен хор ұйымдастырылды.  Шараға келген облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов жиылған жұршылықты мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен құттықтады.

фото Халелова Рафхата (6)

 – Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпірінде Мемлекеттік рәміздерімізге сый-құрмет көрсетіліп, түрлі шаралар өтуде.  Елдіктің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздер – біздің  ата-бабамыз аңсаған Тәуелсіздігіміздің ең негізгі нышаны. 1992 жылдан бастап мемлекеттік  рәміздер бекітілгенннен бері көк туымыз барлық шараларда  елімізді әлемге  паш етуде. Әсіресе спортшыларымыз  олимпиадалар мен дүниежүзілік жарыстарда жүлделі орынға ие болғанда әнұранымыз ойналып,  туымыз биіккке көтеріледі.  Әр білім ошағында, мемлекеттік ұйымдарда мемлекеттік  рәміздеріміз жарқырап тұр. Бұның бәрі өскелең ұрпақтың елді сүйіп, патриот болып өсуіне ықпал етері сөзсіз, -деді Ғабидолла Абдоллаұлы.

фото Халелова Рафхата (65)

Мерекелік шарада патритоизмнің үлгісін көрсетіп, төтенше жағдайларда адам өмірін сақтап, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуда өз міндеттерін мүлтіксіз орындаған облыстық полиция департаменті мен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бірнеше қызметкері марапатталды. Олардың қатарында полиция аға лейтенанты Нұрболат Смағұл, полиция капитаны Мұхит Әбілқайыров,  полиция лейтенанттары Нұржан Ғұмаров, Жандос Құбаев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы, азаматтық қорғаныс аға лейтенанты Бақтияр Катчеков, облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкері  Нұрлан Мұхамбетқалиев бар.

фото Халелова Рафхата (36)

Рәміздерге арналған мерекелік шара  концерттік бағдарламаға ұласты.

Гүлжамал Жолдығали,

суретке түсірген Рафхат Халелов

                                                                                                  zhaikpress.kz

фото Халелова Рафхата (18) фото Халелова Рафхата (10)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале