27.03.2018, 17:14
Оқылды: 29

Оралда Монтессори педагогикасымен оқытатын балалар орталығы ашылды

3Бүгін Оралдағы 7-ші шағын ауданда «Радуга» балаларды түзету және дамыту орталығы ашылды. Орталық жетекшілері – оралдық Малика Абдулова және Гүлнар Давыдова. Екеуі де психолог мамандар, бірнеше жыл медицина саласында қызмет еткен.

- Орталықта дені сау балалармен қатар мүмкіндігі шектелген  балақайлар оқиды. Әрқайсысына қажетті білім беріледі. Оралда бұндай орталық тұңғыш рет ашылып отыр дей аламын. Істі бастамас бұрын, оның әлеуметтік маңызына мән бердік. Сөйтіп, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Даму» қоры арқылы 6 млн.теңге несие алдық. Оқу-түзету жұмыстарына арналған жабдықтарды Ресейдің Омбы қаласынан әкелдік. Барлығы экологиялық таза өнім, арнайы материалдардан жасалған. Орталықта балалар 1,5-3 жас, 3-6 жас аралығында екі топта оқиды.  Әр сабақ 1 сағатқа созылады. Балалар итальяндық педагог Монтессоридың әдісі бойынша оқиды, яғни қатысушылар немен айналысатынын өзі таңдайды. Оның ішінде, практикалық сабақ, тілді дамыту, математика, т.б. бар, - дейді орталық жетекшісі Гүлнар Давыдова.

Балаларға арналған орталықта қазірдің өзінде 30-дай қатысушы бар екен. Кәсіпкерлер Зашаған ауданынан орталық бөлімшесін ашпақ ниетте.

 zhaikpress.kz

1 2

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале