6.03.2018, 13:11
Оқылды: 71

Оралда мұғалім ҰБТ-ның байқау сынағы кезінде көз жұмды

skoriОрал қалалық білім беру бөлімі басшысының орынбасары Батиқа Пайдинаның айтуынша, кеше №32 мектептің физика-математика пәнінің мұғалімі, 55 жастағы әйел өзі жетекшілік ететін 11-сынып оқушыларын М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне алып келген. Балалар киімдерін тапсыруға кеткен кезде дәлізде қалған мұғалім қан қысымы көтеріліп, құлаған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманованың сөзіне қарағанда, түскі сағат 13.13-те жедел жәрдем шақыртылған. Жедел жәрдем бригадасы 13.28-де жеткенге дейін мұғалім қайтыс болған.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале