12.09.2018, 17:48
Оқылды: 95

Оралда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында байқау ұйымдастырылды

Бүгін «Нұр Отан» партиясының БҚО филиалы «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Астана менің көзіммен» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында арнайы орталықтар мен мектеп-интернеттар тәрбиеленушілердің қолдарынан туған қол өнер бұйымдарының байқауын ұйымдастырды, деп хабарлайды филиалдың баспасөз қызметі.

baiqau

         Байқауға облысымыздағы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін арнайы орталықтардан 50-ге жуық жұмыс қабылданды. Байқау үш бағытта өткізіліп, арнайы құрылған конкурстық комиссия үздік жұмыстарды анықтады.

         Сурет салудан жүлделі ІІІ және ІІ орынға «Көшім арнаулы» ӘҚКО тәрбиеленушілері Венера Ерғалиева мен Арман Макаров ие болса, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Нұрсұлтан Бөкенбаевтың жұмысы үздік деп танылды.

         Ал кесте тоқудан облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп–интернат кешенінің оқушысы Бисен Айкөркем ІІІ, Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Анна Фурман мен Виктория Мурзина өзара ІІ және І орындарды бөлісті.

         Ер балалар арасында өткен қол өнер сайысында облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Азат Дакушев ІІІ, Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп–интернатының тәрбиеленушісі Батырған Сәрсенбайдың жұмысы ІІ орынға лайық деп танылды. Ал «Көшім арнаулы» ӘҚКО тәрбиеленушісінің Астана қаласының 20 жылдық мерей тойына арналған жұмысы үздік деп танылып І орынға ие болды.

         Байқау жеңімпаздары мен қатысушыларына арнайы алғыс хаттар мен дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале