23.04.2018, 11:30
Оқылды: 81

Оралда Мұстақым Ықсановты еске алуға арналған турнир өтті

 

IMG-20180423-WA0032Оралда мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Ықсановты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер командалары арасында ашық облыстық турнир өтті. Жарысқа 10 команда қатысты.

Жарыс қорытындысында I орын – Ақтау қаласы (60 000 теңге), II орын – Батыс Қазақстан облысы (30 000 теңге), III орын – Жәнібек ауданы (20 000 теңге) командалары өзара бөлісті.

Сонымен қатар волейболшылар түрлі аталымдар бойынша марапатталды.  «Турнир ақсақалы» - Тельман Гусманов (Жәнібек ауданы), «Үздік қорғаушы» - Бахадур Қанназаров (Ақтау қаласы), «Үздік ойыншы» - Салауат Қажғалиев (БҚО), «Үздік байланыстырушы» - Руслан Батраков (Ардагерлер командасы), «Үздік шабуылшы» - Асхат Ақболатов (Ақтау қаласы) атанды.

Жеңімпаз командалар мен жүлдегерлер диплом, кубок, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале