27.09.2019, 18:30
Оқылды: 637

Оралда Мысыр мумияларының көрмесі ашылды (СУРЕТ)

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Египетские мумии. Путешествия в вечность» атты көрме ашылды. Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келген көрме 10 қарашаға дейін батысқазақстандықтардың назарына ұсынылады.

korme (8)

- Біздің көрме 20 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Қазақстанға алғаш келуіміз. Екінші көрме экология музейіне қойылды. Ол жерден балалар, жануарлар, ішкі ағзалар салынған кунсткамераның 94 данасын, 5 голографиялық картинаны тамашалай аласыз, - дейді көрменің менеджері Рушания Габбасова.

korme (10)

Көрмеде негізінен Каир музейіндегі жәдігерлердің көшірмесі қойылған. Ежелгі Мысыр еліне саяхат жасап, перғауындарының мүсінін, мумияларды көре аласыз. Тутанхамонның алтын бетпердесі, күзетшілері, әділдік таразысы, тіпті жануарлар мен құстардың мумиясы бар.

korme (23)

Динара Насыр

zhaikpress.kz

korme (2) korme (4) korme (5) korme (21) korme (34) korme (46) korme (47) korme (49)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале