23.09.2019, 13:36
Оқылды: 276

Оралда неміс мәдениетінің дәстүрлі мерекесі өтті

Орал қаласындағы Киров атындағы мәдениет және демалыс саябағында неміс мәдениетінің дәстүрлі мерекесіне орай шара өтті.

haimat (3)

Мәдени кешке келген қонақтар немістердің ұлттық тағамдарынан ауыз тиіп, Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназиясы оқушыларының қолынан шыққан қолөнер бұйымдарымен танысты.

haimat (2)

-Елбасы біртұтас ұлт идеясын жүзеге асыруда зор еңбек сіңірді. Қазақстан деген ортақ Отанымыздағы тұрақтылықты, келісімді қамтамасыз ету оңайшаруа болған жоқ. Ол үшін ұлттар  достығы, өзара түсіністігі маңызды еді. Бұл жетістікке, алдымен, қазақ деген дана халықтың арқасында қол жетті. Өйткені олар нәубат жылдары көптеген ұлыс өкілдерін бауырына басты. Қазір елімізде 130-дан астам этнос өкілі бейбіт өмір сүруде. Бүгінгі шараның өтуі – біздің біртұтас ұлт екеніміздің айғағы. Неміс, еврей, армян, әзірбайжан, украин болсын бәріміз бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде мамыражай күй кешудеміз. Бұл - біздің басты байлығымыз. Оны ұрпақтан-ұрпаққа сызат түсірмей аманаттауымыз қажет,- деді «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы Данилбек Саратов.

haimat (6)

Жиналғандарды мерекемен құттықтаған «Хаймат» неміс этномәдени бірлестігінің төрағасы Эдуард Фрицлер оралдық немістер бұл мерекені жыл сайын кең көлемде тойлайтынын атап өтті. Сондай-ақ ол апталық аясында немістердің ұлттық тағамдарынан дәм татып, қолөнер бұйымдары мен өнерлерін тамашалауға шақырды.

haimat (7)

-Құрметті, қала тұрғындары мен қонақтары, «Хаймат» Орал неміс мәдени-ағартушылық қоғамы ұйымдастырған дәстүрлі мерекеге қош келдіңіздер. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Қоғамдық келісім» мекемесі этномәдени бірлестіктердің апталығын, этностардың мәдени-шығармашылық кештерін ұйымдастырып келеді. «Хаймат» неміс мәдени ағарту қоғамына тоқталсақ, аталмыш бірлестік қайырымдылық шараларымен жиі айналысады. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тың бастамаларды қолға алуда. Апталық аясында неміс мәдениетімен, дәстүрімен танысайық,- деді «Қоғамдық келісім мекемесінің» басшысы Медғат Қамбетов.

haimat (5)

Шара барысында Вальдорф бағытындағы мектеп-гимназияның оқушылары немістің халық әндерін, «Одажио» балалар би ансамблі немістің ұлттық билерін көпшілік назарына ұсынды.

haimat (8)

                                                                                   Гүлсезім Бияшева

суретке түсірген Рафхат Халелов

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале