25.04.2019, 13:18
Оқылды: 86

Оралда «Нұр-Сұлтан» кемесі суға түсірілді

Бүгін Орал «Зенит» зауытында жасалған «Нұр-Сұлтан» кемесі Шаған өзені айлағында суға түсірілді. Кәсіпорын осымен отызыншы кемені іске қосты. Бұл жолы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің тапсырмасымен зауыттық №6 әскери кемені шығарып отыр. Оның алдындағы баламалы жобалардан өзгешелігі, кемені басқару, орнықтылығы, жүзу жылдамдығы жетілдіріле түсті және заманауи қару-жарақ орнатылды.

keme

–  Бірлік мерекесі күні қарсаңында еліміздің мақтанышына айналған «Зенит» зауыты теңіздегі ел шекарасын қорғайтын кемені іске қосты. Әскери кемені шығару мемлекетіміздің даму көрсеткішін айқындайды. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген индустриальды-инновациялық бағдарламасы ауқымында өндірісіміз дамуда, халықаралық стандарттарға сай «Зенит» зауыты жабдықталып, жаңғыртылуда. Жалпыға ортақ еңбек қоғамын қалыптастырудың маңызы зор. Бұл бағытта «Зенит» зауытына алғыс айтамын. Әскери кеме ашық аспан астында еліміздің судағы шекарасын қорғауға қызмет ете берсін, –  деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

keme (1)

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры – ҰҚК төрағасының орынбасары, генерал-майор Дархан Дильманов отандық зауытта жасалған әскери кемелердің сапасы мықты екенін, көршілес Ресей Федерациясы, Иран, Әзербайжан мемлекеттері жоғары бағалап отырғанын айтты.

Кемені суға жіберуге байланысты ұйымдастырылған шарада «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-ның бас диреткоры Вячеслав Валиев ҚР ҰҚК төрағасының атынан «Шекараны үздік күзеткені үшін» медалімен, зауыттың бас технологы Тимур Триасов, №6 цех бастығының орынбасары Николай Хамко ІІ дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

keme (3)

«Барыс» жобасы аясында шығарылған шекаралық «Нұр-Сұлтан» кемесі Жайық өзені арқылы Каспий теңізіне жеткізіледі. Әскери кеме мемлекеттік шекара аумақтық суын және құрлықтың қайраңын күзету, заңсыз жүрген кемелердің жүруін, контрабандалық қимылдарды, қарақшылық пен заңсыз балық аулауды тойтару, ұстау, тексеру, су асты диверсанттарымен күресу қызметін атқарады. «Нұр-Сұлтан» кемесінің ұзындығы – 42, жалпақтығы – 7,8 метр. Биіктігі 3-5 метрге жететін, 7 балдық толқын кезінде де әскери кеме теңіз бетінде еркін жүзе алады. Бес балдық толқында барлық тапсырманы мүлтіксіз орындауға қабілетті. Экипажда 27 адам қызмет етеді және медициналық каютада екі маман болмақ.

keme (2)

keme (4)

keme1 (1)

keme1 (2)

keme1 (3)

keme (8)

keme1 (4)

keme1 (5)

keme (5)

keme (6)

keme (9)Нұртай Текебаев

Фото Т.Тоқмамбетов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале