25.10.2018, 18:15
Оқылды: 86

Оралда облыстық «І Қайрат оқулары» өтті

«Әдеби Ақжайық» жобасы аясында Орал қаласының Х.Доспанова атындағы №30 мектепте жерлес ақын Қайрат Жұмағалиевке арналған облыстық «І Қайрат оқулары» байқауы өтті. Облыс аудандарынан және Орал қаласынан 11 мектеп кітапханашысы қатысқан байқауды облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырды.

43650809_551757175273429_8825476980834041856_n

Байқау барысында кітапханашылар «Кітапханалық дефиле», «Жырына жанарымен нәр жинаған» кезеңдерінен сынға түсті, деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бас жүлдені Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №2 орта мектеп кітапханашысы А.Жақсылықова, І орынды Бөкей ордасы ауданы, М.Бегалиева атындағы орта мектеп кітапханашысы М.Тауышева, ІІ орынды Қаратөбе ауданы Мұхит орта мектебінің кітапханашысы Д.Рахметжанова, ІІІ орынды Сырым ауданы Қ.Мырзалиев атындағы мектеп кітапхана меңгерушісі С.Қабесова мен Орал қаласы №4 орта мектеп кітапханашысы А.Бакитова иеленді. Байқау жеңімпаздары дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

zhaikpress.kz 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале