6.01.2019, 0:07
Оқылды: 31

Оралда оқушылар арасында олимпиада өтуде

Оралдағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернатында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасында республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтуде.

IMG-20190106-WA0002

Олимпиадаға 410 оқушы қатысуда. Жеңімпаздар жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 15-20 наурыз Ақтөбе қаласында, ал қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша 25-30 наурыз Қызылорда қаласында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алады.

6 қаңтар күні сағат 09:00-де Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жабылу салтанаты өтеді.

Білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале