13.08.2020, 15:21
Оқылды: 364

Оралда «Omega Sports» жабық футбол алаңы ашылады

Жақында Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында жасанды шөптермен қапталған алғашқы жабық «Omega Sports» футбол алаңы ашылады.

Футбол алаңы 1

 - Спорт кешеніндегі футбол алаңының ауданы – 51х26 м. Онда 5×5, 6×6, 7×7 және 8×8 ойнауға болады. Футбол алаңы биіктігі 60 мм "Polytan" неміс өндірушісінің бірінші дәрежелі көгалдарымен жабылады. Бұл жабынның FIFA сапа сертификаты бар.

Спорттық сауықтыру кешенінің ішінде «Юниор» балалар футбол мектебі, футболдан «Спартак» Мәскеу Академиясының филиалы, «AquaKids» балалар жүзу мектебі, функционалды жаттығулардың ең танымал түрлерінің бірі «CrossFit» орналасады.

Сондай-ақ кез-келген адам дәмді және пайдалы тағамдардан дәм тата алатын панорамалық көрінісі бар кафе жұмыс жасайтын болады.

Сауна, душ, киім ауыстыратын бөлмелерде орналасқан электронды құлыптары бар жеке шкафтар «Omega sports»-ты қауіпсіз әрі, ыңғайлы етеді. Ал желдету және жылыту жүйесі жыл бойы кешенде қалыпты температураны сақтауға мүмкіндік береді, - дейді құрылтайшы Данияр Ғабдуллин.

Футбол алаңы 2

Спорт кешені әртүрлі спорттық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ түрлі футбол командалары матчтарына немесе балалар мерекесін ұйымдастыруға қолжетімді болмақ.

Спорт кешенінің аумағында 3 жасар балалармен ТМД-дағы ең үлкен жасөспірімдер футбол мектептерінің желісі негізінде Юниор @fsjunior.uralsk және Спартак Академиясы @spartak.uralsk бар футбол жаттығулары өтеді.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале