13.08.2020, 17:00
Оқылды: 105

Оралда онлайн байқаулардың жеңімпаздары марапатталды

Бүгін сәуір-мамыр айларында қашықтықтан өткен байқау жеңімпаздарына Батыс Қазақстан облыс әкімі Ғали Есқалиевтің алғыс хаттары мен арнайы сыйлықтарын Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сайран Дүйсенов табыс етті.

Мәдениет 1

- «Өнер – жұтамас байлық» дейді атам қазақ. Өнерге, мәдениетке құрмет көрсету – баршаны биікке жетелейді.

Өткен мамыр-сәуір айларында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен рухани құндылықтарды арттыру, дарынды өнерпаздарды анықтау, ел арасында шығармашыл жандарының өнерін шыңдау, оларға қолдау көрсету мақсатында бірнеше қашықтықтан байқау ұйымдастырған болатынбыз.

Мәдениет 2

Оның ішінде Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тұрмыс-тіршілік» облыстық қашықтық шығармалар байқауы, «Отаным – алтын бесігім» отбасылар арасындағы облыстық қашықтық кароке-paty байқауы, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай «Жеңіс оңай келген жоқ» облыстық қашықтық суреттер және мәнерлеп оқу байқауы, «Туған жерім – ең көрікті мекен» өлке тарихын жақсы білетін отбасылар арасында облыстық қашықтық онлайн викториналық сайысы, т.б. атауға болады, - дейді Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім меңгерушісі Айгүл Орынғалиева.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале