11.07.2020, 0:47
Оқылды: 163

Оралда онлайн-дәріхана қызметі іске қосылды

"Jas Otan" Жастар қанаты БҚО филиалы жанынан "Онлайн дәріхана" қызметі бастау алды.

63277269-680E-4EF1-B89E-A6854964FF46

Қазіргі таңда тұрғындарға "Онлайн дәріхана" арқылы сұранысқа ие дәрілердің қай дәріханаларда бар екендігі туралы ақпарат беріліп отыр. Ол үшін "Jas Otan" Жастар қанаты БҚО филиалындағы жауапты өкілдің +77780204738 нөміріне хабарласуға немесе WhatsApp желісіне жазуға болады.

"Jas Otan" ЖҚ БҚОФ төрағасының орынбасары Ерлік Шамғалидың айтуынша, "Кеңес орталығы" жобасы аясында іске қосылған жедел қоңырауға күні бүгінге дейін 100-ге жуық хабарлама-қоңыраулар түсіп, қаланың 40-тан астам тұрғыны сұранысқа ие дәрі-дәрмекке қол жеткізген.

Айта кету керек, орталық арқылы тұрғындарға нақты кеңес беріліп, БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен stopcovid.kz сайты арқылы нақты ақпарат таратылып отыр.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале