Кеше 11 сағат 16 минутта облыстық ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің орталық пунктіне Орал қаласы Тайманов көшесі 221 мекенжайында 9 қабатты жатақхананың түтіндей бастағаны туралы хабарлама түсті.
Өрт сөндірушілер келіп жеткенде тоғыз қабатты жатақхананың лифт шахтасында 3 шаршы метр аумағында қоқыс жанып жатқаны анықталды.
Қатты түтін салдарынан 70 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде екі бала болған.
Сондай-ақ 12 сәуір, 05 сағат 08 минутта 6-шағынаудандағы 5-үйдің №3 подъездің жертөлесінде құрылыс материалдарының жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Барлығы 20 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде 8 бала болған.
Өрт 05.58 минутта толықтай сөндірілді.
БҚО ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы