31.07.2018, 13:20
Оқылды: 36

Оралда өрт сөндірушілер 6 адамды құтқарды

 

pozharnayaШілденің 30-нан 31-не қараған түнде, дәлірек айтсақ, 23 сағат 59 минутта, бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің пультіне Орал қаласындағы бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама түсті.


 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер И.Ларин көшесі, 9-шы үйдің төртінші қабатындағы №53 пәтердің қонақ бөлмесінде және кіре берісінде жеке заттар мен жиһаз жанып жатқандығын анықтап, үй тұрғындарын эвакуациялауға және құтқаруға кірісті. Нәтижесінде улы газға тұншыққан 6 адам қауіпсіз жерге шығарылып, «жедел жәрдем» бригадасына тапсырылды.

Жеке құрамның 22 құтқарушысы мен 8 техника жұмылдырылған өрт бір сағат жарым уақыттың ішінде толықтай сөндірілді.

БҚО ТЖД қызметкерлерінің уақтылы және жедел әрекеттерінің арқасында 6 адам, оның ішінде 1 бала құтқарылып, 27 адам (9 бала) эвакуацияланды.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен оған кінәлі адамдар, келтірілген шығын көлемі анықталуда.

 БҚО ТЖД мемлекеттік тіл

және ақпарат тобы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале