8.05.2018, 9:51
Оқылды: 80

Оралда Отан қорғаушылар күні аталып өтті

DSC_0378Тәуелсіз Қазақстан елінде 1992 жылдың 7 мамырында Қазақстан Қарулы Күштері құрылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен бірнеше жылдан бері бұл күн мемлекеттік мереке ретінде «Отан қорғаушылар күні» деп аталып келеді.

7 Мамыр күні Оралдағы №5517әскери бөлімінде  Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 73 жылдығына арналған  Ашық есік» күні мерекелік шарасы өтті.

Бұл күн - Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсету күні. Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға деген сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады.

Бұл айтулы шараға, Ұлы Отан соғысы мен тәжік-ауған соғысының ардагерлері, ішкі істер органдарының қызметкерлері,оқушылар мен  Орал гарнизоның жауынгерлері және де «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының және 5517 әскери бөлімінің ұлттық ұлан жауынгерлері қатысты.

DSC_0126[1]Салтанатты шараны  Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла  Оспанқүлов Отанымыздың тыныштығын қамтамасыз ету жолында аянбай қызмет атқарып жүрген жауынгерлерді мерекелерімен құттықтады.

- Бүгін Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына  26 жыл мерейтойын және 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығы қарсаңында атап өткелі отырмыз.  Еліміздің тарихында бұрын-соңды тұрақты, төл әскерінің болмағанын ескерсек, Қазақстан Қарулы Күштерін құруда және қалыптастыруда ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен орасан зор жұмыстар атқарылғаны баршамызға белгілі. 5517  әскери бөлімінің жанынан құрылған  әскери-патриоттық «Жас бүркіт» клубының көрсетпелі қоян-қолтық ұрысын тамашалады.

Қазіргі кезде әскери-патриоттық «Жас бүркіт» клубтары Республика бойынша жүздеген орта білім беру ошағында жұмыс істейді. Клуб жүмысының басты мақсаты – оқушыларды адами құндылықтарды бойларына сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отан қорғау қызметінің абыройлы жауапкершілігін, ата-бабалардың ерлік жолын ұғындыру, жасөспірімдердің бойында жақсы моральдық-психологиялық және денешынықтыру қабілеттерін шыңдау. Мұндай клубтар кез келген мектепте 3-11 сынып оқушылары арасында жасақталады.

Өткен 26 жыл ішінде Қарулы Күштер жауынгерлері қызметте және оқу-жаттығу кешені барысында өздерінің жауынгерлік машықтарын жетілдіріп, бүгінгі күндері кең байтақ Отанымызды берік қорғауға әрқашанда дайын.

Бір-екі күннен соң Ұлы Жеңістің 73 жылдығы тойланбақшы. Ұрпақтарына сол Жеңісті сыйлаған ата-бабаларымыз Отанды сүюдің, қаһармандық пен жанқиярлықтың өшпес үлгісін көрсетіп кетті. Бүгінгі отан қорғаушылар сол өнегелі істі жалғастыруда.

Отанды қорғау елге деген махабатты, патриотизмді талап етеді.Біз қолына қару алып мемлекетімізді қорғап жүргендер мен қарулы күштер ардагерлеріне құрметпен қараймыз. Отан қорғаушылар күні және Жеңістің 73 жылдық мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін", - деді Ғ. Оспанқүлов.

Одан кейін өңір басшысының орынбасары Оралдағы ұлттық ұланның қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қорғау міндетін абыройлы атқарып жүрген бір топ әскери сала қызметкерлеріне I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарын тапсырды, сондай-ақ, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Өз кезегінде сөз алған «Батыс» өңірлік қолбасшысы генерал-майор Әлібек Серәлиев ел қорғаған ерлердің есімі мәңгі ұмытылмайтынын айтып, ардагерлер мен әскери қызметкерлерге ізгі тілегін жеткізді.

Салтанатты жиында  Отан соғысының ардагері, доғарыстағы  полковник Иван Гапич Отан алдындағы борышын қалтқысыз атқарып жүрген жауынгерлерге табыс тілеп, жүрекжарды лебізін білдірді.

Мерекелік кұттықтаулар мен  марапаттардан кейін 5517 әскери бөлімінің  алаңында үлкен экраннан Отар әскери полигонында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 26 жылдығына орай өтіп жатқан шеру көрсетілді.

Шара  барасында облыс қонақтар әскери бөлімнің техникалары мен қару-жарақтарын көріп, жауынгерлер ботқасынан дәм татты. Әсіресе,окушылар гранататқыш  РПГ-7В, Калашников автоматын, Калашников пулеметін, Драгунов  мерген винтовкасын, миномет секілді нағыз әскери қаруларды бірінші рет көріп тәнті  болды.

Сондай-ақ 5517  әскери бөлімінің жанынан құрылған  әскери-патриоттық «Жас бүркіт» клубының көрсетпелі қоян-қолтық ұрысын тамашалады.

Қазіргі кезде әскери-патриоттық «Жас бүркіт» клубтары Республика бойынша жүздеген орта білім беру ошағында жұмыс істейді. Клуб жүмысының басты мақсаты – оқушыларды адами құндылықтарды бойларына сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, Отан қорғау қызметінің абыройлы жауапкершілігін, ата-бабалардың ерлік жолын ұғындыру, жасөспірімдердің бойында жақсы моральдық-психологиялық және денешынықтыру қабілеттерін шыңдау. Мұндай клубтар кез келген мектепте 3-11 сынып оқушылары арасында жасақталады.

Мерекелік шарада  5517 әскери бөлімнің сарбаздары сап түзеп, рота бойынша алаңда салтанатты шеру жасады.

Содан кейін дала асханасы жанында Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, облыс басшыларының  қатысуымен әсерлі әңгіме шертіліп, майдан патриоттық әндері шырқалды, мерекелік концерт қойылып, ол басқа да мәдени-спорттық шараларға жалғасты.

Отан қорғаушы - қасиетті де құдіретті сөз. Өзін ер-азаматпын деп санайтын кеудесінде намысы, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты міндет – осы.

«Батыс» өңірлік баспасөз кызметі, Орал.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале