27.04.2018, 16:05
Оқылды: 17

Оралда өткен жәрмеңкеде 300-ге тарта жұмыс орны ұсынылды

БDSC_3227үгін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма тетрында Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту оратлығы мен облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бірлесіп  ұйымдастыруымен «Жастарға – жұмыс!» бос орындар жәрмеңкесі өтті.

Бұл жәрмеңке жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітіруші түлектерге, жұмыссыз жастарға және өзге де санаттағы жастарға арналды.

Шара барысында «Дипломмен ауылға!», «Жастар тәжірибесі» бағдарламалары, кәсіп ашу, тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндіктері, электрондық еңбек биржасы жөнінде тегін кеңес беру бұрышы да жұмыс жасады.

- Бұл жәрмеңкеге қала бойынша шақырылған 45-ке жуық жұмыс беруші 300-ге  тарта бос  жұмыс орнын ұсынып отыр. Сонымен қатар аудандардан да 200-ге жуық ваканция бар. Жәрмеңке қорытындысы екі-үш аптадан кейін белгілі болады. Жалпы жәрмеңке арқылы жұмыссыздардың шамамен 30-40 пайызы жұмысқа орналасады. Негізі бос жұмыс орны бар, екі қолға бір күрек табылады. Тұрғындардың кейбірі жалақы мөлшеріне мән береді, кейбірі жұмыстың өзіне ыңғайлы уақытын қарастырады. Әр адамның талғамы әртүрлі. Келесі жәрмеңкені маусым айында өткізу жоспарланып отыр. Жалпы айта кетсек,  Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына жыл басынан бері  2764 адам жұмыс мәселесі бойынша жолықты. Соның 1686 мемлекеттік қолдау  шараларына қатысты.  Нәтижесінде 287 адам жастар тәжірибесіне, ал 783 адам тұрақты жұмысқа орналасты. 506 адам қоғамдық жұмысқа алынып, 48 адам кәсіптік оқытуға жолданып, 62 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, - деді  Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Нұржан Аткешов.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале