3.04.2018, 20:40
Оқылды: 24

Оралда озат офицерлер ұлықталды

IMG-20180403-WA0284Орал қаласындағы нөмірі 5517 әскери бөлімінің клубында "Батыс" өңірлік қолбасшылығының офицерлерін ұлықтау кеші өтті.


Салтанатты шараға ҚР Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының тәрбие және əлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, генерал-майор Мұхаметқали Сатов, "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Сералиев, 5517 әскери бөлім командирі, подполковник Мақсат Бөлтіріков, "Батыс" ӨҚ ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Бақытжан Бердиев, әскери қызметшілер, ардагерлер және сарбаздар қатысты.

Шарада əскери қызметшілер арасында жауынгерлік дайындықта және оқуда, үлгілі қызметімен, оқ бойы озық көрінген "Батыс" ӨҚ жауынгерлік дайындық басқармасының дене даярлығы және спорт бастығы, майор Руслан Жақыпбеков, 5517 əскери бөлімінің кинология қызметінің бастығы, капитан Руслан Наженов жəне осы бөлімнің топ бөлімшесінің бастығы, капитан Нұртуған Сайлыбаевтар үздік деп танылып, ерекше ілтипат көрсетілді. Марапатталушыларға ізгі тілегін арнаған генерал-майор М.Сатов:
- Біздің əріптестеріміз өмірлік және қызметтік тәжірибелерімен өз істерінің нағыз майталман мамандары екендіктерін көрсетті. Антқа адал, өзгелерге үлгі болған олардың жауынгерлік қызметі мемлекет тарапынан лайықты бағаланды. Отбасылық береке-бірлік, Отан үшін қызмет ету жолында жетістіктерге жете беріңіздер, - деп, естелік сыйлықтарды табыс етті.

Ясипа Рабаева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале