30.03.2018, 11:12
Оқылды: 35

Оралда пәтерден өрт шықты

Akjayik ort tilsiz jau30 наурыз түнде Ватутин көшесі, 53 мекен жайындағы көп пәтерлі үйден өрт шығып жатқаны жөнінде хабар түсті, - дейді БҚО төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі. Өрт №81 пәтерден шыққан екен.

Қатты түтіннен 10 адам қауіпсіз жерге шығарылып, 3 адам құтқарылды, оның екеуі – бала. Сонымен қатар өрт кезінде 1976 жылғы тұрғынның қолын 1-2 дәрежелі күйік шалып, иіс тиіп уланған. Ол облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Өрт 02:54-те сөндірілді. Тілсіз жау шарпыған аумақ 25 шаршы метрді құрады. Өрттің себебі, келген шығын мен кінәлілер анықталуда.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале