13.11.2018, 12:36
Оқылды: 61

Оралда пойыз әйелді қағып кетті

-Оралда жолаушылар пойызы шамамен 30 жастағы келіншекті қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20181113111453

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға бүгін таңертең Желаев жолы, 4-шағынаудан маңында орын алды.

«Жедел жәрдем сағат 08.17-де шақыртылды. Бригада оқиға орнына үш минуттан кейін барған. Алдын ала мәлімет бойынша бас пен мидың ашық жарақатын алған әйел облыстық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта нейрохирург қарап жатыр», деді А.Сақпосынова.

Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале