19.11.2019, 10:45
Оқылды: 339

Оралда полиция автокөлігі 21 жастағы қызды қағып кетті

Оралда полиция автокөлігі 21 жастағы қызды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласының тұрғыны А.Бөкенов facebook парақшасында жариялағандай, оқиға кеше түнде Зачаганск кентінде «Молодежная» аялдамасы тұсында болды.

Борттық нөмірі 174, мемлекеттік нөмірі 614 KP 07 патрульдік полиция автокөлігі жолдан өтіп бара жатқан қызды қағып кетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге сағат 21.58-де қоңырау шалынды. Бригада 22.05-те жетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 1998 жылғы қыз зардап шекті.

«Қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген қыздың жағдайы ауыр. Бас пен мидың ашық жарақатын алған. Оған ота жасалған. Қазір жансақтау бөлімінде», - деді А.Сақпосынова.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. Әзірге Полиция департаменті оқиғаға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале