16.12.2016, 14:35
Оқылды: 50

Оралда мереке күні 72 пәтердің кілті табысталды

received_10207987749863995Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай Орал қаласының бесінші ықшамауданында тоғыз қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғын үйдің ашылу салтанатына облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысып, пәтер иелерін қоныстойларымен құттықтады.


received_10207987749743992Жетпіс екі пәтерлік, тоғыз қабатты тұрғын үйді еліміздегі «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы және «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы бойынша «Альтаир» ЖШС салған. Мереке күні пәтер кілтіне ие болғандардың басым көпшілігі - прокуратура саласының қызметкерлері.
received_10207987746303906-Биылғы жыл біздің өңір үшін өте табысты жыл болды. Облыс орталығында көп қабатты тұрғын үйлердің саны күн санап көбейіп келеді. Тек ағымдағы жылдың өзінде өңір тұрғындарына мың жарым пәтердің кілті табыс етілуде.

received_10207987746383908Міне, «Тұрғын үй жинақ банкі» мен мекемелер арасындағы келісім бойынша салынған алғашқы тұрғын үйді табыстағалы тұрмыз. Аталған мекеме мен прокуратура саласының әлеуметтік серіктестігі бойынша бой көтерген 72 пәтерлік тұрғын үйдің 47 пәтері прокуратура саласының қызметкерлеріне берілді. Бұл - мемлекет пен «Тұрғын үй жинақ банкі» арасындағы тығыз байланыстың жемісі.

Елбасымыздың ұстанған басты бағыттарының бірі - еліміздегі тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды, әртүрлі әлеуметтік топтарды, мемлекеттік қызметкерлерді бағдарламалар арқылы пәтермен қамту болатын. Күні кеше ғана Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, алдағы жылы да көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілетіндігін айтты. Мысалы, зейнеткерлерге 20 пайыз, әлеуметтік топтарға соның ішінде жаңа туылған балаларға төленетін төлемді 20 пайызға өсіретіндігін айтты. Бұның барлығы - мемлекеттің халыққа деген қамқорлығы.

Баршаңызды бүгінгі ел Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтаймын. Қоныстарыңыз құтты болсын! -деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

received_10207987749623989Сонымен қатар мереке күні пәтер иеленгендерді облыстық прокурор Сапарбек Нұрпейісов те құттықатады.

Баспаналы болған бір топ қала тұрғындарына облыс әкімі өз қолымен пәтер кілтін табыстады.

Бұдан соң өңір басшысы облыстық прокуратура саласында жемісті еңбек атқарып жүрген Наталья Колпакованың шаңырағынан дәм татып, пәтер иесіне теледидар тарту етті.

Нұрбек ОРАЗАЕВ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале