1.11.2018, 10:46
Оқылды: 22

Оралда «Променад» сауда үйі өртенді

Оралда бүгін таңда «Променад» сауда үйі өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, Сырым Датұлы көшесі 21-мекенжайында орналасқан үш қабатты «Променадтағы» өрт жөнінде сағат 05.50-де хабар түскен. Ғимараттың 2-қабатындағы «Еркемай» дүкенінде ойыншықтар мен жақтаулар жанған. Өрт аумағы 80 шаршы метрді қамтыды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, от өрт сөндіру автоматты қондырғысын монтаждау кезінде пісіру жұмыстарын жүргізгенде өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамаудан шыққан. Оқиға орнында 14 техника болып, жеке құрамнан 34 адам жұмыс жасады. «Тілсіз жау» 06.28-де оқшауланып, 07.20-да ауыздықталды.

Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар мен келтірілген шығын анықталу үстінде.

zhaikpress.kz

20181101112632 20181101112636 20181101112627

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале