6.10.2017, 16:54
Оқылды: 31

Оралда психологиялық-педагогикалық түзету орталығы ашылды

22278586_747587872105966_1451836426_nАталған орталық Орал қаласының Х.Чурин көшесі, 117 мекенжайында орналасқан.

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен, «Дара» жеке қайырымдылық қорының «Қазақстанда әр алуан, бірақ тең инклюзивті қоғам құру» жобасын жүзеге асыру мақсатында аталмыш орталыққа ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізіліп, құрал-жабдықтар сатып алынды. Бұдан басқа білім басқармасы жөндеу және кабинет аумағын абаттандыру үшін, кабинетті қамтамасыз ету үшін қосымша қаржы бөлді. Олар жалақы қорына, коммуналдық қызметке және басқасына жұмсалмақ.

Аталған орталық мүмкіндігі шектеулі 150-ден астам балаға қызмет көрсетеді. Тәжірибелі де білікті мамандардың ішінде дефектолог, логопед, тифлопедагог және басқасы бар. Қызметтің барлығы балаларға және олардың отбасыларына тегін.

22290591_747587708772649_1877015124_nӘлеуметтік нысанның ашылу салтанатында облыс әкімі Алтай Көлгінов сөз сөйлеп, жиналғандарды құттықтады. Содан соң  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қалетаев, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Ерлан Дәрімов және «Дара» қайырымдылық қорының құрылтайшысы Гүлнар Досаевалар сөз сөйлеп, жиналғандарды атаулы оқиғамен құттықтады және ізгілік істерінің жарасымды жалғасын табарына сенімін білдірді.

Салтанатты рәсімнен соң қатысушылар орталықпен танысты.

Серік Ықсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале