5.10.2018, 9:38
Оқылды: 138

Оралда салт-дәстүрлер мен ұлттық спорт жайлы бейнероликтер түсірілуде (СУРЕТ, ВИДЕО)

Оралдағы «Рухани жаңғыру» орталығында қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен ойындарын бұқара арасында кеңінен насихаттауға арналған бейнероликтер топтамасының ресми тұсаукесері өтті.

Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы «Үркер» өнер және мәдениетті қолдау орталығымен бірлесіп дайындаған бейнероликтер  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түсірілді. Шара барысында «Үркердің» басшысы Әлішер Ғұмаров өздері дайындаған жеті бейнероликпен жеке-жеке таныстырып шықты. Онда қазақ күресі, бәйге, көкпар, аударыспақ, тоғызқұмалақ, асық атудың ер балалар мен қыз балалар ойнайтын түрлері қамтылған. Әр ойынның ерекшелігі, ойнау ережелері мен әдіс-тәсілдері айтылған.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумов бастаған әр сала маманын қамтыған сарапшы топ бейнероликтің мәтініне, көркемдік жағына баса мән беріп, ой-пікірлерін айтып, ұсыныстарын білдірді.

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлттық қазына» деген арнайы жоба басталған болатын. Ол негізгі екі бағыттан тұрады. Оның бірі  ұлттық спорт түрлерін, екіншісі  ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеуді,  насихаттауды көздейді. Екінші бағыт бойынша да түсірілімдер басталды. Ұлттық ойындарды, әсіресе, жастар арасында кеңінен насихаттаудың маңызы зор. Бүгінде  бәйге  туралы бейнеролик әлеуметтік желіге тарады, - дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Аян Сақошев.

Басқосуда ескерілген кем-кетіктер түзетіліп, барлық бейнеролик  әлеуметтік желілерде, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

edef4cdc-7259-41cb-9396-437be01331b5 1afec8d5-9ae6-43c9-af16-e231abdef8bf

 

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале