30.09.2020, 11:46
Оқылды: 132

Оралда салынып жатқан үйден құрылысшы құлап, мерт болды

Оралда салынып жатқан үйден құрылысшы құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

200930124224122e

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға бүгін Ружейников көшесі бойында «Болашақ-Т» ЖШС салып жатқан көпқабатты үйде болды. Жедел жәрдем сағат 03.15-те шақырылды. Осында монтажшы болып жұмыс істейтін Ақжайық ауданының 24 жастағы тұрғыны 5-қабаттан құлап кеткен. Марқұм жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Ружейников көшесі 14-мекенжайында болғанын растап, толық мәліметтің кейін берілетінін жеткізді. Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале