22.05.2020, 22:08
Оқылды: 93

Оралда санитарлық талаптардың сақталуы тексерілуде

Орал қаласында карантиндегі санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайтын арнайы жұмыс тобы тұрақты рейд өткізіп тұрады.

12aa4bbf-5ba6-40bd-98ce-1cfcc111a490

19 мамыр күні түнгі уақытта аталған жұмыс тобы азық-түлік дүкендері мен кафелерге тексеріс жүргізді. Бұл жайлы БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

Рейд барысында рұқсат етілмеген қызмет түрін ұсынған А.Құсайынов көшесі, 55/1 мекенжайындағы «Chicago dogs» тез тамақтану мейрамханалар желісі, М.Мәметова көшесі, 50/1 мекенжайындағы «51*51» кафесі мен «Gyros» бистро тамақтану орындары анықталды.

Ал сағат 21:00-ден кейін саудасын жалғастырған Брусиловский көшесі, 71/2 мекенжайындағы «Жеті қазына» дүкені, Қамбар батыр, 25/1 мекенжайындағы «Айару» дүкенінің қызметкерлері медициналық қорғаныш бетперде мен қолғап та кимеген. Сондай-ақ Орал-Саратов тас жолы, 101 мекенжайындағы «Балапан» дүкені кешкі сағат 21:00-ден кейін терезе арқылы саудасын жалғастырғаны анықталды. Жұмыс уақыты режимін Евразия даңғылы, 107 мекенжайындағы «Нур» дүкені мен Құрманғазы көшесі, 33 мекенжайындағы «Сания» дүкені сақтамаған. Евразия, 52 мекенжайындағы «ButerБрод» кафесі, Құрылысшы шағынауданындағы «Korway» кафесінің қызметкерлері де талап етілген қорғаныш құралдарын пайдаланбаған.

Сондай-ақ жанармай бекеттері де тексерілді. Әбілқайыр хан-С.Датов қиылысындағы Gelios қызметкерлері бетперле мен қолғапсыз қызмет көрсеткені белгілі болды.

Сараптау шаралары кезінде 11 ереже бұзу анықталды.

20 мамыр күнгі рейд кезінде 6 факт назарға ілінген. Атап өтсек, С.Датов көшесі, 10/2 мекенжайындағы «Тамаша» фастфуд дүңгіршегі, Н.Назарбаева,147 мекенжайындағы «Градус» сыра сату орны, А.Оразбаева, 2/4 мекенжайындағы «Краны» алкоголь өнімі дүкені, Евразия, 49 мекенжайындағы «Beerhouse» алкомаркеті де ереже бұзған.

21 мамыр күнгі түнгі рейд кезінде Н.Назарбаева, 192 мекенжайындағы «План Б» кафесі мен Орал-Саратов тас жолы, 101 мекенжайындағы «Балапан» дүкені уақыт регламентін сақтамағаны әрі қызметкерлері қорғаныш құралын қолданбағаны анықталды.

Түсінік жұмыстары жүргізіліп, ескертпе қағаз таратылды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале