7.09.2019, 18:18
Оқылды: 278

Оралда «Сапалы өнім - 2019» көрмесі өтті

Қала күніне орай «Сапалы өнім - 2019» азық-түлік өндірушілерінің ХІІ қалалық көрмесі өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін көрмеге 20 кәсіпорын қатысып, ең үздік жергілікті тауар өндірушілер анықталды.

c18279d9-35f7-415c-aaad-bce696301f4f

– Осы сипаттағы жәрмеңкенің басты мақсаты – қала тұрғындарына өзіміздің жергілікті тауар өндірушілердің жұмысымен таныстырып, экологиялық таза және бағасы тиімді өнімдерге қолжетімділікті арттыру. Мемлекет отандық өндірушілерді дамыту және алға жылжыту, импорттық тауарға қарағанда жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін барлық жағдай мен мүмкіндікті жасап келеді. Соның арқасында өңірімізге ғана емес, шет елдерге де аты танылған тауар өндірушілердің бар болғаны көңіл қуантады. Жыл сайын көрмеге азық-түлік өнеркәсібінің түрлі секторындағы ең үздік 20 кәсіпорынның өнімі көрмеге қойылып, көпшілік көңілінен шыққан үздік үштік марапатталады, – деп мәлімдеді қалалық кәсіпкерлік бөлімнің басшысы Исатай Жазықбаев.

ff846153-3741-460b-8567-7f1ea5595101

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков көрмені аралап, әр тауар өндірушінің ұсыныс-тілекгіне құлақ түріп, өнімдерімен танысты.
Шара қорытындысында «Колбасы Приуралья» ЖШС ең үздік жергілікті тауар өндіруші деп танылды. Ал «Қаз-АқБас» ЖШС екінші, «Жакенова «Вatys Damu» ЖК үшінші орынды иеленді.

Аяужан Кереева
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале