16.02.2018, 23:18
Оқылды: 23

Оралда сауда үйінен өрт шықты

DSC_9214

15 ақпан күні сағат 18:28 минутта Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт байланысының орталық пультіне Орал қаласы, Гагарин көшесі, 70 мекенжайындағы «Меркурий» сауда үйі жанып жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіруге және қойма бөлмесінің шатырын, іргелес бөлмелерді, сауда залдарын қорғауға бағытталған екі жауынгерлік учаске құрылды.

Өрт сөндірушілердің күшімен өрт 20.11-де оқшауланды және 21.09-те жойылды. Бұл жұмысқа жеке құрамнан 25 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ.

БҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің

баспасөз хатшысы Ж.Абдрахманова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале