13.03.2018, 14:45
Оқылды: 43

Оралда саунадан өрт шықты

Бүгін, сағат 11:23-те Ж.Молдағалиев көшесі, 29 мекенжайында орналасқан бір қабатты «Нирвана» саунасында өрт шыққаны жөнінде хабар келді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Өртке оранған жалпы аумақ - 35 шаршы метр. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі, шығыны, кінәлі тұлғалар анықталуда.

Баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрт кезінде 4 техника, жеке құрамның 22 маманы жұмылдырылды. Өрт 13:05-те сөндірілді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале