14.08.2018, 18:56
Оқылды: 22

Оралда сегіз қабатты заманауи қонақүй салынуда

ce17e6b6-0aa4-47cb-85ac-653125dc7a4cБиыл Оралда «GrandHotelService» ЖШС сегіз қабатты заманауи қонақүй құрылысы жобасын іске асыруда. Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Алтай Көлгінов қонақ үйдің құрылысымен танысты.

Облыс орталығындағы «Ақжайық» қонақүйінің орнына екі жыл ішінде жаңа халықаралық деңгейдегі 8200 шаршы метрлік қонақүй бой көтермек. Оның жанында ауданы 4200 шаршы метр бизнес орталық ғимараты болады. Жаңа қонақүй халықаралық франшиза бойынша іске қосылмақ. Халықаралық франшиза бойынша ашылатын қонақүй ондағы көрсетілетін қызмет сапасының тұрақты және қатаң бақылауда болатындығымен, сервистің жоғары деңгейімен, қала және облыс мәртебесін көтеруімен, бөлмелердің әлемдік стандартқа сай болуымен ерекшеленеді. Шетелдік мамандармен қонақүй қызметкерлерін оқыту жоспарланған. Төрт жұлдызды қонақүйде 125 бөлме, оның ішінде 92 стандартты, 10 люкс класс, бір президенттік, 20 апартамент және өзгесі болады. Ғимарат сегіз қабатты. Онда 70 орындық мейрамхана, үш конференц-залы, кофе-брейк залы, орыс моншасы, түрік хамамы, фитнес-зал, екі қауыз, жер асты және жер үсті паркинг және өзге де қажетті қызмет көрсету орындарынан тұрады.

Қазіргі уақытта бұрынғы қонақ үйдің ең төменгі қабатын бұзу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы құны 12 миллион АҚШ долларын құрайды. Қонақүйдің құрылысы осы жылдың төртінші тоқсанында басталып, 2020 жылы аяқталады деп күтілуде.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале