24.08.2019, 20:01
Оқылды: 125

Оралда сенбілік өтті

Бүгін Оралда сенбілік өтті. Сенбілікке 503 ұйым мен мекеме жұмылды.

IMG-20190824-WA0037

Жастар қоғамдық бірлестіктері, коммуналдық мекеме жұмысшылары, құрылыс компаниялар, мемлекеттік қызметкерлер және қаланың пәтер иелері кооперативтерінің жұмысшылары, құрылыс компаниялары мен басқа да ұйымдар қатысты.

IMG-20190824-WA0035

Сенбілікке «Жайық Таза қала», «Жайық Жылу Қуат», «Батыс Су Арнасы» мекемелері 24 техника шығарған.
Қаладағы Есенжанов көшесінен С.Тюленинге дейін, С.Тюлениннан Шолохов көшесіне дейін Орал қаласы әкімдігінің мамандары тазалық жүргізді.

IMG-20190824-WA0036

Орал-Желаев жолы бойын облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері тазалады.

IMG-20190824-WA0034

Қаладағы барлық мекемелер мен ұйымдар өз аумақтары мен іргелес жерді қоқыстан тазартып, абаттандырды. Шығарылған қалдық көлемі – 332 текше метр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале