23.02.2019, 16:35
Оқылды: 27

Оралда шаңғымен көпшілік жүру өтті

Бүгін Орал қаласындағы «этноауыл» алаңында «AQJAIYQ SKI RACE-2019» көпшілік шаңғымен жүру өтті.

IMG_1837

Елбасының тапсырмасымен 2020 жылға дейін бұқаралық спортпен шұғылданатын адамдардың санын 30 пайызға арттыру, қысқы спорт түрлерін дамыту, салауатты өмір салтын сақтауды мақсат еткен шараға 1000-нан астам қала тұрғыны мен қонақтары  қатысты. Өңіріміздегі жастардың ерекше белсенді екендігін атап өткен облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов бұл бастама жалғасын тауып, жастар жылына орай, түрлі спорттық шаралар өтетіндігін тілге тиек етті.      Көпшілік шаңғымен жүгіруге шаңғысын арқалап келген қала  тұрғындары мен қонақтардың қарасы көп болды. Олардың арасында шашын қырау шалған қариялар да, 5-6 жастағы кішкентай бала да бар. Қатысушылардың барлығы қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің арнайы медальдарымен марапатталды. Сондай ақ, “AQJAIYQ SKI RACE-2019” көпшілік шаңғымен жүгірудің ең жас қатысушысы Жанарыс Жасұланұлы, «Белсенді волонтер» Дулат Жүсіпқалиев, «Үздік ұйымдастырушы» Тұрарбек Алтынбекұлы, «Шаңғымен жүгірудің ақсақалы» Какиден Ұлықпанұлы,   ұйымдастырушылардың тарапынан естелік сыйлықтарға ие болды.

IMG_1826

IMG_1855

IMG_1879

Гүлжамал Жолдығали,

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале