10.12.2018, 10:26
Оқылды: 39

Оралда шахматтан турнир өтті

 Орал қаласындағы оқушылар мен жастар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және қосымша білім беру жүйесінің 100 жылдығына орай «100 шахмат тақтасы» қалалық шахмат турнирі өтті.

 WhatsApp Image 2018-12-09 at 17.51.28 (1)

Шараның ашылу салтанатында жарысқа қатысушыларды Мектептен тыс жұмыс орталығының директоры Үміт Шадеева, спорт ардагері Сергей Абрамичев, білім саласының ардагері Абай Мұхитов, қосымша білім беру педагогы, халықаралық класс бас төрешісі Александр Володин құттықтап, қызықты ойын өрнегін көрсетуге шақырды.

Ақыл-ой спорт түрі саналатын шахматты бұқараға насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа 200-дің үстінде адам қатысты. Жалпы 82 ересек, соның ішінде тыл және еңбек ардагерлері, ата-аналар, қала тұрғындары мектептен тыс жұмыс орталығының шахмат үйірмелерінің 170 тәрбиеленушісіне қарсы 100 шахмат тақтасында «қарама қарсы» тәртібімен ойнады.

Жарыс екі алаңда, яғни 1-алаңда 60 тақтада, 2-алаңда 40 тақтада өткізілді. Турнир қорытындысы бойынша «Ең үздік ардагер шахматшы» аталымын 82 жастағы қала тұрғыны Сергей Абрамичев, «Ең жас ойыншы» аталымын бес жастағы Аяжан Мырзағалиева және Арсен Салаватов иеленді. Ал Ислам Марсовқа (ер балалар арасында) «Ең жылдам жеңіс», Марат Махмұтовқа «Ең үздік ересек шахматшы», Ерболат Меңлібаевқа «Ең үздік ойын» аталымдары берілді. Сондай-ақ «Жеңіске деген жігері үшін» аталымдарына бір топ шахматқұмар ие болды.

Жарыс соңында барлық турнир қатысушыларына сертификаттар табыс етілді.

WhatsApp Image 2018-12-09 at 17.51.29

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале