17.08.2020, 14:42
Оқылды: 289

Оралда спортшылардың кәсіби мерекесіне арналған шаралар легі өтті

Спортшылардың кәсіби мерекесіне арналған шаралар легі Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің қатысуымен «Ақжайық» футбол клубының стадионында түстен кейін жалғасқан болатын. Ашық алаңқайда өткен салтанатты рәсімге шектеулі ғана адам қатысты.

E08810F7-A443-4A34-BAC9-AF2B3EEF1186

– Спортсүйер қауымды еліміздің кәсіби мерекелерінің бірі – Спорт күнімен құттықтаймын! «Дені сау ұлттың болашағы зор» деген қағиданы ұстанған әр мемлекет спортты дамытуға, салауатты өмір насихаттауға ерекше мән беруде. Өздеріңізге мәлім, елімізде тәуелсіздік алғалы бері әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен қатар, ұлттың рухани саулығы мен денсаулығына баса мән беріліп келеді. Бұл – Елбасы ұстанған саясаттың нәтижесі. Мемлекет  тарапынан бұқаралық спортты дамытып, кәсіби спорттың дәрежесін көтеруде ерекше қамқорлық көрсетіліп келеді. Орал қаласында барлық спорттық  инфрақұрылымдар дамып, кәсіби жетістіктерге жететіндей мүмкіндіктер қарастырылды. Орал тұрғындарының дені спортты жандарына серік етуде.  Сондай-ақ шаһарда жыл сайын  спорттық нысандар бой көтеріп, пайдаланылуға беріліп отыр. Өңіріміздегі спорт шеберлерінің жетістіктері де аз емес. Өздеріңізге мәлім, әлемдік аренада екі жағдайда ғана көк туымыз көкке көтеріліп, әнұранымыз шырқалады. Біріншісі, мемлекет басшысының өзге елге барған іс сапары барысында, екіншісі, әлемдік деңгейде  өткен спорттық додада жеңістің ең биік тұғырына көтерілген кезде. Көк Туымыз көкте желбірер сондай сәттер болашақта көп болсын деп тілеймін, - деді қала әкімі Абат Абайұлы бірқатар сала мамандарына алғысхаттар табыстап тұрып.

67F14873-12DB-4554-8EA7-D52E46C1E544

ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Спорт және дене шынықтыру істері  комитетінің алғысхатымен Армат Исанов, Артур Шерғалиев, Орынбасар Ғилымов,  Әскербек Нұрмұханов секілді саланың үздік мамандары марапатталса, облыс әкімінің алғысхатына Орал қаласының №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ерден Жанғалиев, ауыр атлетикадан облыстың аға жаттықтырушысы Дәурен Байториев, әйелдер күресінен жасөспірімдер арасындағы облыстың аға жаттықтырушысы Артур Қазбенов,  үстел теннисінен ҚР спорт шебері Айдос Кенжеғұлов, облыстық футзал қауымдастығының президенті Жасын Хабибуллин ие болды. Сондай-ақ Орал қаласы әкімінің алғысхатымен Александр Каракушиев, Бауыржан Шурин, Альберт Тілепкалиев,  Айзада Иманғазиева, Асхат Шайхиев секілді сала мамандары марапатталды.

 Гүлсезім Ерболатқызы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале