19.04.2019, 12:31
Оқылды: 24

Оралда студенттер арасында Х жазғы универсиада өтуде

Оралдағы «Еуразия» туристік сауықтыру кешенінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Жастар жылына орай республикалық Х жазғы универсиада өтуде.

Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының спорттық шараларын өткізу зертханасы басшысының орынбасары Мира Мұхамадиеваның айтуынша, аталған жарыс өңірімізбен қатар Ақтөбе, Алматы, Тараз, Шымкент, Өскемен, Семей қалаларында да өтеді.

-Аталмыш жарысқа еліміздің барлық аймағының ЖОО-ларынан 90-ға жуық студент қатысуда.Олар садақ ату мен спорттық бағдарлаудан сайысқа түседі. Жалпы бұл жарыс студент жастардың арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр, - дейді Мира Мұхамадиева.

Айта кетейік, спорттық бағдарлау 21-і, садақ ату 27 сәуір күні аяқталады.

Есенжол Елекенов,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале