10.07.2017, 17:02
Оқылды: 25

Оралда суға батып бара жатқан жеті жасар қыз құтқарылды

3   №1 құтқару бекетінің қызметкерлері 7 шілде күні қалалық саябақ ауданында ата-анасының қарауынсыз шомылып жүрген 2010 жылғы қызды суға кетуден аман алып қалды.


     БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің өкілі Нұргүл Мұқанованың хабарлағанындай, қазіргі кезде қыздың жағдайы қалыпты. Жедел құтқару жасағы суға шомылу маусымы басталғаннан бері осымен он адамды құтқарды.

     Еске сала кетейік, 6 шілде күні Жәнібек ауданынан облыс орталығына оқуға түсуге келген 1999 жылғы қыз Оралдағы «Светлячок» турбазасы ауданында Деркөл өзеніне батып кеткен болатын. Облыста 2015 жылы - 29 (13-і - балалар), өткен жылы 20 адам (9-ы - балалар) суға кетті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале