27.07.2019, 10:30
Оқылды: 180

Оралда табиғатты аялаған сенбілік өтуде

Өңірімізде бастау алған #Birge#Taza Qazagstan республикалық экологиялық акциясына 19 мыңға жуық адам қатысып, 830 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Аталған шараға 144 арнайы техника жұмылдырылып, өзен жағалауларынан жиналған қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыптау орталығына жеткізді.

Орал қаласы бойынша аталмыш акцияға 5200 адам қатысып, 330 тонна қоқыс жиналды. Бұл күні өңір тұрғындары, мекеме-кәсіпорын ұжымдары, белсенді жастар мен аға буын өкілдері 15 аумаққа бөлініп,  өзен-көл жағалауларын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

Screenshot_2019-07-27-11-39-57-1

-Еліміз бойынша өткізіліп отырған маңызды акцияға батысқазақстандықтар да белсенді ат салысуда. Табиғатқа жанашырлық танытқан өңір тұрғындары шараға өз еріктерімен қатысуда. Акцияның өтетінін естіген еңбек ардагерлері мен мекеме ұжымдар, өңір жастары мен сауда орындарындағы кәсіпкерлер де маңызды іске бір кісідей жұмылуда.

Screenshot_2019-07-27-11-40-03-1

Облысымыз - табиғаты өте әдемі және экологиялық жағынан таза өңірлердің бірі. Әсем табиғатымызды осы деңгейде сақтау - әр тұрғынның адами және азаматтық борышы. Өкінішке орай, табиғат аясында демалушылар өздерінің артынан күл-қоқыс қалдырып кетеді. Табиғаттың оны айтар тілі жоқ. Сол келеңсіз жағдай біздің қоршаған ортамызға кері әсерін тигізуде. Бұл - олардың экологиялық мәдениетінің төмендігінің дәлелі.

Screenshot_2019-07-27-11-40-27-1

Бізге  көрікті жерлерді сыйлаған табиғатымызды аялауымыз қажет. Осының бәрі де ұрпақтарымызға қалады. Артымызда өсіп келе жатқан жас ұрпақты тазалыққа, табиғатты аялауға баулуымыз керек, - деді жұртшылықпен бірге тазалық жұмыстарына қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Айта кету керек, облыстың барлық аудандарын қамтыған экологиялық акция апта сайын жалғасатын болады.

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале