21.12.2018, 21:25
Оқылды: 125

Оралда «Театр. Тарих. Тағылым» кітабының таныстырылымы өтті

Оралда Хадиша Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актері әрі бас режиссері Самал Қадерұлы Әбуовтің «Театр. Тарих. Тағылым» атты алғашқы кітабының таныстырылымы өтті.

Screenshot_2018-12-22-11-08-44-1

Театрдың 25 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған бұл шарада алғашқы боп сөз кезегін алған профессор, әдебиеттанушы, БҚМУ доценті Рита Сұлтанғалиева жинақтың шығу тарихына кеңінен тоқталып, бұл еңбектің халыққа түсінікті тілмен жазылғанын, оқырмандар жүрегінен шығатынына сенімді екенін атап өтті.

FB_IMG_1545450039424

Күні кеше ғана Ақжайыққа «Алтын домбыраны» əкеліп, халықты зор қуанышқа бөлеген айтыскер ақын Жансая Мусина кітап авторына бейнеқұттықтауын жолдады.

FB_IMG_1545450044883

Айтулы шарада дəстүрлі лента қию рәсімін жасау құрметі Самал Қадерұлының өнердегі ұстаздары - жақында «Елбасы жолы. Астана» фильмінде Елбасының рөлін сомдаған актер, Қазақстанның еңбек сіңірген əртісі, «Құрмет» орденінің иегері, доцент Мұрат Ноянбайұлы Ахманов пен Қазақстанның халық əртісі, «Құрмет» орденінің иегері Жақыпова Гүлнар Хабиқызына берілді.

Театр өнерінің жанашыры, ұстаз Динара Қыдырбайқызы өнер ордасының ширек ғасырлық жылнамасына татырлық дүниенің таныстырылымы мерейтойлық шараның сүбелі бөлігі болғандығын атап айтса, актриса, әнші Ақжан Орынбасарова «Туған жер» әнімен шашу шашты.

FB_IMG_1545455976323

Айта кетейік, ширек ғасырлық тарихы бар театрдың әртістерінің өмірбаяндары мен өнердегі ерекшеліктері, көзге түсе қоймайтын кісілік қасиеттері мен адами иірімдері айқын берілген бұл кітаптың алғы сөзін ҚР Журналистер одағының мүшесі Нұрлан Сәдір және филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, әдебиеттанушы, БҚМУ доценті Рита Сұлтанғалиева жазған.

FB_IMG_1545455942848

Астана қаласындағы "Жастар жанары" орталығының дайындауымен 1000 дана болып жарық көрген бұл жинаққа кітап авторының прозалық шығармалары жəне өңірлік тілшілердің театр саласына еңбегі сіңген, батысқазақстандық қазақ драма театрының қалыптасуына сүбелі үлес қосқан өнер саңлақтары мен қойылымдар туралы  мақалалары, сондай-ақ Самал Қадерұлының сүйікті жары, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының белді әртістерінің бірі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Эльмира Мақашеваның аудармалары енген. Өмірі мен өнеріне театрды өзек еткен ерлі-зайыптылардың басылымдарға берген сұхбаттары мен отбасылық суреттері де кітап беттерінен орын тапқан.

FB_IMG_1545450174817Хадиша театрының ширек ғасырлық мерейтойына орай өткен салтанатты жиында Самал Əбуов облыс əкімі Алтай Көлгіновтің алғыс хатымен марапатталса, Эльмира Мақашева облыстық салалық кəсіподақ ұйымының "Еңбек даңқы" төсбелгісін өңіріне тақты. Марапаттарыңыз да, қалың оқырманға жол тартқан алғашқы кітаптарыңыз да құтты болсын!

Фото: Рафхат Халелов

zhaikpress.kz

FB_IMG_1545455958885

FB_IMG_1545455985383

FB_IMG_1545450143297

FB_IMG_1545455936094

FB_IMG_1545456432379

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале