15.12.2017, 20:38
Оқылды: 29

Оралда театрландырылған мерекелік концерт өтті

received_777617965769623Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай «Тәуелсіздік – тірегім!» атты театрландырылған мерекелік концерт өтті.

Оған облыс әкімі Алтай Көлгінов, өңірдің актив өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері қатысты.
Сахна шымылдығы Дәулеткерейдің «Көрұғлы» күйіне қойылған «Тәуелсіздік таңы», Еркін Нұрмағанбетовтың шығармасына әзірленген «ЭКСПО – Ақжелең» атты хореографиялық композицияларымен ашылды.

received_777617659102987Сәуле Таудаева, Дастан Есентеміров, Ернар Өмірәлі сынды Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филормонияның белді әншілерінің орындауындағы термелер көрермен көңілінен шықты. Сонымен қатар «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің сүймелдеуімен Жұмағаным Рахимова, Айбар Хайырханов, Күләш Қуанышқалиева, Майра Хайдарова, Дария Бақытова, Алтынбек Оразов сынды өңірімізге танымал әншілердің орындауындағы әндер сахнаны әуелетті. «Шұғыла», «Назерке» «Ақжайық», «Қызғалдақтар» «Step up» секілді би ансамбльдері мың бұралған билерімен мерекелік концерттің сәнін келтіре білді.

Филормонияның белді әншілері концерттік бағдарламаны «Жерім менің» әнімен қорытындылады. Мерекелік шараға жиналғандар орындарынан тұрып, ұзақ қол соғу арқылы өнер адамдарына алғысын білдірді.

Нұрбек Оразаев

zhaikpress.kz

Суреттерді түсірген Темірболат Тоқмамбетов

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале