8.12.2017, 11:52
Оқылды: 56

Оралда TEDTalks форматында пікірталас өтуде

dc758bc9-6d1b-43d8-95ac-22a3bd3ba5b1Оралда «Туған өлкем – тірегім» форумы басталды. Форум аясында облыс әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен TEDTalks форматында пікірталас өтуде.

Негізгі спикерлер - батысқазақстандық елге танымал азаматтар. Мемлекет қайраткері, ҚР Парламенті Сенаты депутаты Бірғаным Әйтімова, әлемге есімі таныс альпинист Мақсұт Жұмаев, танымал өнер қайраткері, «Әзіл әлемі» әзіл-сықақ театрының директоры Тұрсынбек Қабатов, «Қазақстан 2050» қозғалысының жетекшісі, кәсіпкер Мұxтар Манкеев спикер ретінде қатысуда. Сондай-ақ саясаттанушы Саясат Нұрбек, «Азаматтық бастамалар зерттеу орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Нұрлан Өтешев арнайы шақырылған.

- Форумның мақсаты - туған өлкеге деген сүйіспеншілік арқылы Елбасының «Руxани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласында белгіленген негізгі мақсаттарды жүзеге асыруға жаңа серпіліс беру, ғылым-білім, өнер, денсаулық сақтау, спорт және азаматтық бастамаларды күшейтуге ықпал жасау, -  дейді шараны ұйымдастырушылар.

Шара түстен кейін «Руxани жаңғыру» бағдарламасының 4 негізгі кіші бағдарламалары – «Тәрбие және білім», «Атамекен», «Руxани қазына» және «Ақпарат толқыны» бойынша семинар-тренингтармен жалғасады. Дәрістерді форумның спикерлері өткізеді.

Нұрлыбек Раxман,
zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале