27.12.2016, 14:08
Оқылды: 64

Оралда тірі балық сататын дүкен ашылды

balyk-1Бұл жоба біздің облысымыздың үш кәсіпкерлері Әлібек Сартаев, Еркін Альбетьяров және Мендіжан Сәрсеновтің бірігуімен құрылған одақ болатын. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Жаңа жыл мерекесі қарсаңында пайдалануға берілген сауда орнының ашылу салтанатына облыстық сала басшылары, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары қатысты.


Мерекеге орай іске асқан бұл жоба жоғарда аттары аталған балық шаруашылығы саласы кәсіпкерлерінің үш жылдық бірлескен еңбектерінің нәтижесі болып табылады. Бұл мамандандырылған дүкенде тірі балық пен шаянды өсіріп және көбейтетін бассейн және мұздатылған балық өнімдерін сақтап, саудаға шығаратын орталық орналасқан.

balykДүкенде жыл бойына балық өнімдерінің барлық түрлері сатылмақ. Сауда орнында тірі балықтың мөңке, сазан, шортан және шаянтәрізділер, сонымен қатар жаңадан мұздатылған алабұға, табан, көксерке, торта секілді балық түрлері сатылатын болады.

Кәсіпкерлер келешекте сатып алушыларға ыңғайлы болу үшін қаланың әртүрлі аудандарында дүкендер желісін құруды жоспарлауда. Сондай-ақ мейрамхана мен кафеге тұтынушының таңдауы бойынша балықтар мен балықтан жасалған тағам түрлерін жеткізумен де айналыспақ. Болашақта балық өнімдерін жақын шетелге экспортқа шығару да кәсіпкерлердің жоспарында бар.

Айта кетейік, балық-шаян дүкені Орал қаласы, С.Жақсығұлов көшесі 33/2, 2-ші жұмысшы ауданында орналасқан. Күні бұрын тапсырыс беру үшін 87777914665, 87754981865 телефондарына хабарласуға болады.

 Нұрбек ОРАЗАЕВ

www.zhaikpress.kz

«Орал өңірі»

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале