13.09.2018, 14:19
Оқылды: 78

Оралда төбелестен бір жігіт көз жұмды

Оралда бүгін таңертең сағат 08.00-дер шамасында Мұхит көшесі бойындағы «Сбербанк» ғимаратының алдынан ер адамның мүрдесі табылды. 

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, үш-төрт адам төбелескен. Сол жер қоршауға алынып, полиция қызметкерлері жұмыс жасады. Соның салдарынан осы маңдағы көшелерде көлік кептелісі болды. Оқиғаны БҚО Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы, полиция полковнигі Манарбек Ғабдуллин растады.

«Қазіргі кезде оқиғаның неден болғанын анықтау үстіндеміз. Тергеу амалдарын жүргізіп жатырмыз», деді ҚазАқпарат тілшісіне М.Ғабдуллин. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 07.29-да шақырылған. Жедел жәрдем бригадасы 07.35-те жеткен. 30 жас шамасындағы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Денесінде көптеген жарақаттар болған.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале